Select Page

2026 жылғы 21 мамырда Энергетика және сандық технологиялар институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «6B07120 — Автоматтандыру және басқару» және «6B07140 — Сандық жүйелердің киберқауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының даму перспективаларына арналған ауқымды форсайт-сессия өтті. Стратегиялық іс-шара аясында өндіріс орындары мен жетекші сала өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы және сарапшылар бас қосып, аталған мамандықтардың өзектілігін, еңбек нарығындағы маңыздылығы мен болашақ бағыттарын кеңінен талқылады.

Бұл форсайт-сессия кәсіби индустрия мен академиялық орта арасындағы алтын көпірге айналып, заманауи трендтерді ескере отырып мамандықтардың мазмұнын жетілдіруге арналған тиімді диалог алаңы болды. Сонымен қатар, аталған шара университеттің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты — «Сапалы білім» (SDG 4) міндеттемелерімен толық үндеседі. Ол цифрлық экономика талаптарына сай, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті инженер-мамандарды даярлауға бағытталған университеттің стратегиялық бастамаларының бірі ретінде көрініс тапты.

Сарапшылар тарапынан жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін оң бағаланған бұл жиын білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттырып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін заманауи өндіріс талаптарына сәйкестендіруге жаңа серпін берді.

Skip to content
Приемная комиссия