12 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде Көлік және құрылыс институты мен «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасы ТДМ-9: «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» аясында конференция өткізді. Іс-шара барысында цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылып, тұрақты әрі қауіпсіз IT-инфрақұрылымды құру саласындағы озық шешімдер ұсынылды.
Конференцияның мақсаты: IT-инфрақұрылымды дамыту перспективалары мен «ақылды қалалар» (Smart City) тұжырымдамасын талқылау, өндірістік және академиялық орта арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ инфрақұрылымды цифрлық трансформациялау саласында тәжірибе алмасу.
Конференцияға профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және өндірістік сектор өкілдері қатысты. Шақырылған сарапшылар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті:
Ошанов Алмаз Еркаипович — «Сәулет SKВ» ЖШС директоры;
Езмахунов Рустам — «RTA Profiii» ЖШС директоры.
Сала өкілдері өз сөздерінде заманауи цифрлық инфрақұрылым мен Smart City тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтіп, инженерлік желілер саласындағы инновациялық шешімдер мен жаңа технологияларды таныстырды. Сондай-ақ, «Ақылды қала» жобалары мен заманауи IT-шешімдерді енгізу жолдарын қарастырды.
Конференцияға қатысу студенттердің теориялық білімін кеңейтуге және кәсіби қызметте заманауи IT-технологияларды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етті.


