2026 жылдың 10 қыркүйегінде ALT Университетінде «Әлеуметтік сенімділікті арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисі БҰҰ-ның №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырды.
Спикер ретінде Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің мамандары Дария Шабденова мен Нұрхан Қапар сөз сөйледі. Семинарға Бас оқу ғимаратында қызмет ететін 20 академиялық кеңесші (эдвайзер) қатысты. Кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік ортадағы эмоционалдық әл-ауқаттың теориялық аспектілерін зерделеп, ұжымдағы өзара түсіністік пен қолдау мәдениетін нығайту жолдарын талқылады.
Іс-шара соңында психологтар эмоционалды рефлексияға бағытталған арт-терапия элементтері бар экспресс-кеңестер өткізді. Психикалық денсаулыққа қамқорлық — өзіңе және айналадағы адамдарға деген назардан басталады.
Автор: Шабденова Д. Р.


