2026 жылғы 9–11 қыркүйек аралығында Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде Автоматтандыру және басқару департаментінің оқытушыларына арналған «МПЦ-QZ стрелкалары мен бағдаршамдарын микропроцессорлық орталықтандыру» курсы бойынша оқыту курсы өтті.
Курсты «Qaz Rail Automatic» ЖШС енгізу және тестілеу бөлімінің басшысы Еримбетов Дархан Сембекұлы өткізді.
Оқыту барысында оқытушылар МПЦ-QZ жүйесінің жұмыс істеу қағидаларымен, пайдалану жағдайларымен, жүйені қолдану тәртібімен және техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерімен танысты. МПЦ-QZ теміржол станциялары мен аралықтарда пойыздар қозғалысын бақылау және басқару процестерін автоматтандыруға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
Алынған білім теміржол автоматикасы және басқару саласы бойынша мамандарды даярлау барысында оқу процесінде қолданылатын болады.
Курсты өткізу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға ықпал етеді:
- ТДМ 4 — Сапалы білім
- ТДМ 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс
- ТДМ 17 — Тұрақты даму жолындағы серіктестік
Автор: Әбуғазы А. Ш.


