2026 жылдың 24 қыркүйегінде ALT университетінде «Суицидтік мінез-құлықтың себептері, функциялары мен формалары: қауіп факторлары» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды. Іс-шараны университеттің Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық бөлімі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-ші тармағын — «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатын іске асыру аясында өткізді.
Семинар спикерлері ретінде Алматы қаласындағы №7 емхана жанындағы Жастар денсаулық орталығының клиникалық психологтары Рита Маринец пен Әсем Жеңісова сөз сөйледі. Іс-шараға бірінші курс студенттері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар эмоционалдық күйзеліс белгілерімен, адамдардың эмоционалдық жағдайы мен мінез-құлқындағы өзгерістерді тану жолдарымен және кәсіби психологиялық көмекке қауіпсіз түрде жүгінудің тиімді тәсілдерімен танысты.
Сессияның қорытынды бөлімін психологтар Дария Шабденова мен Нұрхан Қапар жүргізді. Олар студенттерге өздерінің эмоционалдық жағдайын тереңірек түсінуге, өзін-өзі талдау дағдыларын дамытуға және психологиялық тұрғыдан өзіне қамқорлық жасау әдістерін меңгеруге көмектесетін сурет салу тесттері мен проективті ойындар өткізді.
Мұндай іс-шаралар психикалық денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және өзіңе де, өзгелерге де уақтылы қолдау көрсетудің маңыздылығын айқындауға ықпал етеді.
Автор: Қапар Нурхан


