Select Page

М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Көктем қаһармандары» іс-шарасы. Бұл — ерлік пен ұлт рухының мәңгілігін ұлықтайтын тарихи дата.

Іс-шараға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері арнайы шақырылып, оларға зор құрмет көрсетілді. Ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Студенттердің қатысуымен Жеңіс күніне арналған театрландырылған қойылым көрсетіліп, тарихи көріністер мен патриоттық сезімді оятатын эпизодтар сахналанды.

Іс-шара соңында әскери істер институты Жеңіс маршын орындады. Шара барысында қатысушылар соғыста қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, бейбітшілік пен ерліктің маңызын тағы бір мәрте сезінді.

ALT Университеті бұл күнді атап өту арқылы жас ұрпаққа отансүйгіштік, бейбітшілік пен тарихқа құрмет құндылықтарын дәріптеуді мақсат тұтады.

Skip to content
Приемная комиссия