Select Page

ALT университетінің делегациясы (проректор Андрей Иванов, кафедра меңгерушісі Динара Қасымова) Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Бейжің Цзяотун университетіне (BJTU) барды.

Кездесуде Қазақстан мен Қытайдың жетекші көлік және коммуникация университеттері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды:

— студенттер, магистранттар және оқытушылар үшін бірлескен академиялық мобильділік бағдарламаларын енгізу;

— докторантура бағдарламаларына ғылыми жетекшілік ету;

— BJTU-дағы жергілікті модульдерді ALT университетінің MBA бағдарламаларына енгізу;

— бакалавриат және магистратура студенттеріне дәрістер оқу және жеке модульдерді оқыту;

— Қазақстанда жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың қызметкерлерін бірлесіп қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

— халықаралық жобаларға және үшжақты ынтымақтастыққа қатысу: Қазақстан  — Қытай  — Ресей  және Қазақстан  — Қытай  — Малайзия;

— студенттік зерттеу бағдарламаларын және мәдениетаралық алмасуды дамыту.

ALTU және BJTU ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын жасауға, жол картасын әзірлеуге және Орталық Азия аймағында көлік пен логистиканы біріктіру үшін қос дипломды бағдарламалар мен жобаларды құру мүмкіндігін зерттеуге кірісті.

Skip to content
Приемная комиссия