2026 жылғы 22 қазанда ALT Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары ескерілген дипломдық және кешенді дипломдық жұмыстар (ДЖ/КДЖ) тақырыптарының тізбелері қаралды.
Ұсынылған тақырыптардың өзектілігіне, практикалық бағыттылығына және кәсіби қызметтің заманауи талаптарына сәйкестігіне баса назар аударылды.
ДЖ/КДЖ тақырыптары көлік саласы мен сабақтас салалардың өзекті міндеттерін шешуге бағытталған. Негізгі бағыттардың қатарында:
- көлік инфрақұрылымын дамыту;
- өндірістік процестерді цифрландыру және автоматтандыру;
- жасанды интеллект пен зияткерлік технологияларды қолдану;
- энергетикалық жүйелерді дамыту;
- инновациялық инженерлік және ақпараттық шешімдерді енгізу.
Бітіру жұмыстарын дайындау барысында жасанды интеллект технологияларын қолдануға ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект құралдарын ауқымды деректер жиынтығын талдау, процестерді модельдеу және болжау, оңтайлы инженерлік шешімдерді іздеу, сондай-ақ зияткерлік жүйелер мен цифрлық өнімдерді әзірлеу үшін пайдалану ұсынылды.
«Бітіру жұмыстарының тақырыптары саланың нақты сұраныстары мен елдің стратегиялық басымдықтарын ескере отырып қалыптастырылуы тиіс. Біз үшін студенттің дипломдық жұмысын дайындау кезеңінің өзінде практикалық маңызы бар міндеттерді шешуі, заманауи технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектіні сауатты қолдануы және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуы маңызды», – деп атап өтті Академиялық жоспарлау және бақылау офисінің бас маманы – сарапшысы Бактыбаева К.С.
Бітіру жұмыстарының практикалық бағыттылығы Университеттің жұмыс берушілермен, сарапшылармен және көлік саласының ұйымдарымен өзара іс-қимылын нығайтып, өзекті өндірістік және инфрақұрылымдық міндеттерді бірлесіп шешуге жағдай жасайды.
Бұл тәсіл қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби және цифрлық құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ елдің көлік-логистика кешені мен инфрақұрылымының орнықты дамуына үлес қосуға дайын мамандарды даярлауға бағытталған.
Автор: Джумағазиева А. Д.


