Select Page

2026 жылдың 27 қазанында АЛТ университетінің оқытушылары Алматы локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен кездесіп, АЛТ университетінің 16 Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар және 11 Тұрақты қалалар мен елді мекендер тұрақты даму мақсаттарына сәйкес, «Құқықтық сауатты әлеуметтік жауапты тұлға» тақырыбында танымдық-ағартушылық семинар өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін нығайту және қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына шолу жасалып, оның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері және құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңызы қарастырылды.

Іс-шараның мазмұндық бөлігі Абай Құнанбайұлының рухани-адамгершілік мұрасының маңызды бағыттарының бірі – «Толық адам» ілімімен толықтырылды. Аталған ілім аясында адамның рухани кемелденуі, адамгершілік қасиеттері және қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Семинардың маңыздылығы құқықтық білім мен рухани-адамгершілік тәрбиені өзара ұштастыруында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Абайдың «Толық адам» ілімін сабақтастыра қарастыру азаматтардың заңға құрметін арттыруға, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және қоғам алдындағы жауапкершілігін терең түсінуге ықпал етеді.

АЛТ университеті мен өндірістік ұйымдар арасындағы осындай кездесулер құқықтық ағарту жұмыстарын дамытуға, білім мен тәжірибе алмасуға және кәсіби ортада құқықтық мәдениеті жоғары, әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Автор: Абдирайымова А. С.

Skip to content
Приемная комиссия