2026 жылғы 30 қазанда ALT University басшылығы білім беруді цифрлық трансформациялауға, жасанды интеллектті енгізуге және Қазақстандағы білім беру технологияларын дамытуға арналған Profit Education Day 2026 мамандандырылған конференциясына қатысты.
Іс-шарада университетті Басқарма төрағасы – Ректор Меруерт Советовна Жармағамбетова, Академиялық қызмет жөніндегі проректор Шамиль Аскарович Абдрешов, Технологиялар мектебінің директоры Айнұр Жұмақановна Тойғожинова, Телекоммуникациялар департаментінің жетекшісі Гүлзада Дәулетбекқызы Мусапирова және Автоматтандыру және басқару департаментінің жетекшісі Нұргүл Тілетаевна Карымсакова таныстырды.
Profit Education Day 2015 жылдан бері өткізіліп келеді және жоғары оқу орындарының, мемлекеттік құрылымдардың, EdTech-компаниялардың, білім беру ұйымдарының және IT-сектордың өкілдерін біріктіреді. Бұл алаң өзекті тенденцияларды талқылау, практикамдық тәжірибе алмасу және білім беру саласында жаңа серіктестіктерді қалыптастыру кеңістігі ретінде қызмет етеді.
Биылғы конференцияның назарында — цифрлық кампус, генеративті жасанды интеллект, гибридті оқыту, бұлтты білім беру экожүйелері, киберқауіпсіздік, AR/VR-технологиялар және отандық EdTech-ті дамыту мәселелері болды.
Бағдарламада дәстүрлі цифрлық университет моделінен AI-Native университетіне өту, басқаруда, ғылымда және білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану, сондай-ақ мамандарды даярлау үшін виртуалды тренажерлар мен симуляторларды пайдалану мәселелері айрықша орын алды.
ALT University үшін мұндай іс-шараларға қатысу — озық технологиялық шешімдерді зерделеуге, басқа білім беру ұйымдарының табысты тәжірибелерімен танысуға және университетті цифрлық дамытудың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында цифрлық трансформация тек жаңғырту құралы ғана емес, білім беру сапасын арттырудың және заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлаудың маңызды шартына айналуда.
Автор: Алия Ерлан


