Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің базасында студенттерге арналған дағдарыс орталығы төртінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. 2026 жылы орталық Алматы қаласындағы білім алушыларды қолдау жүйесі аясында өз жұмысын жалғастырады.
Орталық ALT University №1 Студенттер үйінде, Алматы қаласы, Мауленов көшесі, 108 мекенжайында орналасқан. Орталық 50 орынға есептелген.
Орталық уақытша тұруға және қосымша әлеуметтік, психологиялық немесе консультациялық қолдауға мұқтаж студенттерге арналған. Көмекке Алматы қаласындағы кез келген жоғары оқу орнының студенттері, олардың қай университетте білім алатынына қарамастан, жүгіне алады.
Уақытша орналастыруды қажет ететін студенттер көрсетілген байланыс телефондары арқылы Ахуалдық орталыққа хабарласа алады. Мамандар әрбір өтінішті жеке қарастырып, студентті оның өзі білім алатын университетінің жатақханасына орналастырылу мүмкіндігін нақтылайды.
Егер жоғары оқу орны студентке орын ұсына алмаса, бос орын болған жағдайда студентті уақытша тұру үшін ALT University базасындағы дағдарыс орталығына жіберілуі мүмкін. Орналастыру өтініш қаралып, жауапты мамандармен келісілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Бұл формат студентті тұрақты тұратын орынды анықтау мәселесі шешілгенге дейін баспанамен қамтамасыз етуге және оқу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дағдарыс орталығында студенттердің жайлы тұруына, оқуына және күнделікті тұрмысына қажетті жағдайлар жасалған. Мұнда оқу және тұрмыстық аймақтары бар тұрғын бөлмелер, ас үй модульдері және қажетті жиһаздар жабдықталған. Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық бөлмелер, спорт залы және алғашқы медициналық көмек көрсетілетін медициналық пункт қарастырылған.
Студенттер орталықта болған кезеңде психологиялық, әлеуметтік және консультациялық қолдау ала алады. Барлық өтініштер құпиялылық қағидаттарын және жеке тәсілді сақтай отырып қарастырылады.
Байланыс телефондары:
+7 700 255 14 43
+7 700 950 95 28
+7 727 237 01 70
ALT University студенттеріне арналған:
- Көлік және құрылыс институты: +7 777 277 1052
- Энергетика және сандық технологиялар институты: +7 702 951 5101
- Логистика және бизнес институты: +7 702 527 3325


