2026 жылғы 8–12 маусым аралығында ALT University базасында Қытай Халық Республикасының Үрімжі кәсіптік университетінің студенттеріне арналған халықаралық Summer School – 2026 бағдарламасы өтуде.
Бағдарлама ALT University мен Үрімжі кәсіптік университеті арасындағы ғылыми зерттеулер мен халықаралық білім алушыларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды. Жазғы мектепке Қытайдан келген 15 студент қатысуда.
Бес күндік бағдарлама қатысушыларға Қазақстанның мәдениетімен, білім беру жүйесімен және инновациялық экожүйесімен танысуға мүмкіндік береді. Қонақтарды университет кампусы бойынша экскурсиялар, заманауи зертханалармен танысу, жасанды интеллект, машиналық оқыту, блокчейн технологиялары, 3D-модельдеу және цифрлық трансформация тақырыптарындағы дәрістер мен практикалық сабақтар күтуде.
Сонымен қатар студенттер дрон операторларын даярлау мектебіне барып, интеллектуалды жүйелермен жұмыс істеу тәжірибесін алады. Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, Медеу спорт кешеніне және Алматы қаласының көрікті орындарына экскурсиялар ұйымдастырылады.
Summer School – 2026 халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге бағытталған.
ALT University шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту арқылы білім мен ғылым саласындағы халықаралық бастамаларды қолдауды жалғастырады.
Автор: Сарина А. А.


