Кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатының 7-бағытына — «Қолжетімді және таза энергияға» және 9-бағытына — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылымға» сәйкес келеді. Іс-шара энергетика саласындағы цифрлық технологияларды, деректерді талдауды және инновациялық инфрақұрылымдық шешімдерді дамытуға ықпал етеді.
2026 жылғы 15 қазанда ALT University-де IT және энергетика мамандықтарының студенттеріне арналған цифрлық энергетика бойынша қонақ дәрісі өтті. Дәріс энергетиканы цифрландыруға және EnergyPlus.kz энергиямен жабдықтауды басқару жүйесіне арналды. Спикер — цифрлық жобаларды дамыту бөлімінің басшысы Едыгенов Рустем Нурланович.
Рустем Нурланович энергетика және коммерциялық диспетчерлендіру саласында бес жылға жуық еңбек етіп келеді. Ол клиенттердің энергия тұтынуын талдау және болжаумен айналысады, компаниялар тобындағы осы бағыттың жұмысын үйлестіреді және энергетикалық үдерістерді автоматтандыру шешімдерін енгізеді.
Дәріс барысында қатысушылар Қазақстанның электр энергиясы нарығының қалай жұмыс істейтінін, генерация, жеткізу, тұтыну және есеп айырысу үдерістерінің өзара байланысын білді. Спикер электр энергиясының қарапайым коммуналдық ресурстан күрделі нарықтық өнімге айналуына әсер еткен өзгерістер туралы айтып берді.
Негізгі назар коммерциялық диспетчердің жұмысына және энергетика, трейдинг пен деректерді талдау бағыттарының бір жүйеде тоғысуына аударылды. Қатысушылар нақты деректерді жинау, нарықты талдау, тұтыну мен генерацияны болжау, сатып алу жөніндегі шешімдерді қолдау және энергия шығындарын азайту кезеңдерімен танысты.
EnergyPlus.kz жобасының мысалында цифрлық платформаның кәсіпорындарға энергиямен жабдықтауды басқаруға, тәуекелдерді бағалауға, сатып алу стратегиясын қалыптастыруға және шығындарды төмендетуге қалай көмектесетіні көрсетілді.
Қонақ дәрісі энергетика, ақпараттық технологиялар, деректерді талдау және цифрлық өнімдерді әзірлеуге қызығушылық танытатын студенттер үшін пайдалы тәжірибе алаңына айналды. Қатысушылар саладағы жаңа мамандықтар, қажетті құзыреттер және Қазақстанның дамып келе жатқан энергия нарығындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы білді.
Автор: Өмірбекова З. М.


