Select Page

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-де Қазақстанның түрлі қалаларынан келген колледж түлектері үшін кампус-тур және кәсіби бағдарлау кездесуі өтті. Іс-шараға Шымкент, Ақтау және Астана ALT колледждарының, Логистика және көлік академиясының Алматы колледжінің (АКАЛиТ), сондай-ақ Астана жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері қатысты.

Қатысушылар университет инфрақұрылымымен және білім беру ортасымен танысып, оқуға түсу ережелері, шекті балдар, білім беру гранттарын алу мүмкіндіктері және қысқартылған оқыту мерзімдері туралы білді. ALT University өкілдері сонымен қатар білімді жалғастыру мен кәсіби дамудың болашақ перспективалары туралы айтып берді.

Іс-шара аясында студенттер хакатонға қатысып, өздерінің білімдерін, шығармашылығын және командалық жұмыс дағдыларын көрсете алды. Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент ALT колледжінің командасы 1-орынды иеленді.

Кездесуге университеттің мерейтойлық жылы — ALT University-дің 95 жылдығы ерекше мән берді. Үздік студенттерге жетістіктері үшін мерекелік естелік белгілер табыс етілді.

Іс-шара тәжірибе алмасудың, колледждер мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың, сондай-ақ түлектерді одан әрі оқу мүмкіндіктерімен таныстырудың маңызды алаңына айналды.

ALT University — 95 жылдық дәстүр, білім және жаңа мүмкіндіктер!

Автор: Нышанбекова Қ. Қ.

Skip to content
Приемная комиссия