Select Page

2026 жылғы 3 шілдеде М. Тынышпаев атындағы ALT University-де Логистика және бизнес институты түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Түлектер үшін бұл күн өмірдегі маңызды кезеңнің аяқталуын және жаңа кәсіби жолдың басталуын айшықтады.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейнежолдауымен басталды. Министр 2026 жылғы түлектерді оқуларын сәтті аяқтауымен құттықтап, алдағы уақытта сәттілік тіледі.

ALT University Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Советқызы Жармағамбетова жас мамандарға ақ жол тілеп, нақыл сөзін білдірді. Рәсім аясында ол оқуын сәтті тәмамдаған және кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін дәлелдеген түлектерге магистратура дипломдарын табыс етті.

Шараның ерекше сәті — университет түлегі Шыңғыс Мақсатұлы Қылышбектің оқудағы жоғары жетістіктері мен қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Қазақстан халқына» қорының алғыс хатымен және төсбелгісімен марапатталуы болды.

Іс-шара барысында студенттік өмірдің дамуына және қоғамдық бастамаларға елеулі үлес қосқан университеттің белсенді студенттері алғыс хаттармен атап өтілді. Сондай-ақ оқу жылдары бойы балаларына қолдау көрсетіп, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан түлектердің ата-аналарына да ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табыс етілді.

Шараның құрметті қонағы ретінде Алматы-2 теміржол вокзалының бастығы Бекболат Бақытжанұлы Ақпанов қатысты. Ол түлектерді өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, институттың үздік түлектеріне «үздік дипломдарды» (қызыл дипломдарды) табыс ету рәсіміне қатысты.

Түлектер атынан Ұлжан Оспанқызы Дәрменбаева сөз сөйлеп, алғыс білдірді. Ол университет қабырғасында алған білімдері мен көрсеткен қолдаулары үшін оқытушылар құрамына, тәлімгерлері мен ата-аналарына ризашылығын жеткізді.

Әскери кафедра түлектері үшін бұл күн ерекше есте қалды. Салтанатты жағдайда оларға погон тағылып, алғашқы әскери «лейтенант» офицерлік шені берілді. Бұл жауапты миссияны әскери кафедра бастығының орынбагары, запастағы полковник Нұрлан Маратұлы Сексенбаев орындады.

Бакалаврларға диплом тапсыру үшін сахнаға Логистика және бизнес институтының директоры Қанат Жақсымұратұлы Дәубаев шақырылды. Онымен бірге түлектерді саланың жетекші компанияларының өкілдері құттықтады:

  • «MS Logistics» ЖШС бас директоры Қаламқас Мұхаметқалиқызы Қабышева;

  • «KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE Оңтүстік» директоры Темірлан Ботабекұлы Мақтаев;

  • «Көлік және коммуникация ҒЗИ» (НИИТК) ЖШС жобаларды басқару және сапа бөлімінің жетекшісі Марина Анатольевна Тарасова.

Салтанатты шара дәстүрлі түрде академиялық бас киімдерді аспанға атумен және естелік фотосессиямен аяқталды. Бұл жарқын әрі әсерлі сәт түлектердің алдынан ашылатын жаңа мүмкіндіктердің символына айналды.

ALT University Логистика және бизнес институтының түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен құттықтайды және оларға жаңа жетістіктер, кәсіби жеңістер мен қойған мақсаттарына сенімді түрде жетуді тілейді.

Skip to content
Приемная комиссия