Select Page

2026 жылғы 9 қыркүйекте ALT University Тілдік даярлық департаменті Қазақстан халқы тілдері күніне орай «National Day» іс-шарасын өткізді. Іс-шара қазақ халқының ұлттық мәдениетін, дәстүрлері мен құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ әртүрлі тілдік мәдениеттердің үйлесімді қатар өмір сүруін көрсетуге бағытталды.

Іс-шара Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысуға арналған жарқын алаңға айналып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға, дәстүрлерге деген құрметті арттыруға және мәдениетаралық диалогті дамытуға ықпал етті. Іс-шара аясында студенттер мен оқытушылар төрт негізгі тілдің — қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінің тілдік ортасына еніп, олардың мәдени ерекшеліктерімен танысты.

Бұл бастама БҰҰ-ның №4 «Сапалы білім» және №17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді. Іс-шара мәдени-тілдік ағартушылықты қолдап, университет студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін біріктірді.

Автор: Досмағанбетова Н. Б.

Skip to content
Приемная комиссия