Select Page

ALT University-де профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің «КТП ҒЗО» ЖШС бас директоры, техника ғылымдарының докторы Болат Баделұлы Жәрдемовпен қонақ дәрісі өтті.

Іс-шара ALT University-дің 95 жылдығына арналған «Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру» VII Еуразиялық форумы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында екі өзекті тақырып қарастырылды:

🔹 радиалды-сақиналы теміржол желілерін қалыптастырудың әлемдік тәжірибесі және Қазақстанның теміржол желісіндегі «Үлкен сақина» тұжырымдамасы;

🔹 ірі станцияларда вагондарды өңдеу жылдамдығын бағалау және «Үлкен сақина» учаскелері мен желілеріндегі пойыздар қозғалысы графигін модельдеу нәтижелері.

Қатысушылар сақиналы теміржол құрылымдарының жүк ағындарын қайта бөлудегі, ірі көлік тораптарына түсетін жүктемені азайтудағы және тасымалдау үдерісінің тұрақтылығын арттырудағы рөлін талқылады. Станциялардың өткізу және өңдеу қабілетіне, сондай-ақ Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамытуда заманауи модельдеу әдістерін қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Қонақ дәрісі тәжірибе алмасуға және көлік саласындағы перспективалы ғылыми шешімдерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Осындай іс-шараларды өткізу білім, ғылым және көлік саласы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, студенттердің кәсіби білімін кеңейтуге, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне тартуға, сондай-ақ бірлескен зерттеулер жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия