Select Page

Алматы, 2026 жылғы 27 шілде – Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің базасында ғалымдарды, бейінді жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдерін және ТМД елдерінің жол-көлік саласының жетекші сарапшыларын біріктірген «Қазақстан автомобиль жолдарының жай-күйі, мәселелері және дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция 2026 жылғы 20–28 шілде аралығында Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасы аумағында өтетін Жолшылардың үкіметаралық кеңесінің IX халықаралық автожорығының Қазақстандағы кезеңі аясында ұйымдастырылуда. Іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, озық инженерлік шешімдермен алмасуға және ТМД кеңістігіндегі көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Конференция жұмысына ТМД Атқару комитетінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның, Қазақстан жолшылар қауымдастығының, Жолшылардың үкіметаралық кеңесінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғалымдары мен мамандары қатысуда. Қатысушылар қатарында академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, салалық ұйымдардың басшылары және көлік пен жол шаруашылығы саласындағы ғылыми күн тәртібін қалыптастырып отырған сарапшылар бар.

Конференция барысында халықаралық көлік дәліздерін дамыту, ТМД мемлекеттерінің жол саласындағы нормативтік-құқықтық ынтымақтастығын жетілдіру, көлік инфрақұрылымы саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер, инновациялық материалдар мен цифрлық технологияларды енгізу, көлік ағындарын модельдеу, инженерлік геология, жол қозғалысы қауіпсіздігі, сондай-ақ автомобиль жолдарының сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін арттыруға бағытталған практикалық әзірлемелер талқылануда. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымын салу мен пайдалануға арналған жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелеріне ерекше назар аударылуда.

Конференцияның маңызды оқиғаларының бірі – Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті мен Жолшылардың үкіметаралық кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою. Құжат бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға, халықаралық білім беру жобаларын іске асыруға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және көлік саласы үшін инженерлік кадрлар даярлауға бағытталған.

Конференция жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ТМД мемлекеттерінің салалық институттары арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді. Іс-шара қорытындылары бірлескен ғылыми зерттеулерді одан әрі дамытуға, ғылыми әзірлемелермен алмасуға және көлік инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ жол саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған заманауи инженерлік шешімдерді енгізуге негіз болады.

Анықтама үшін:
Жолшылардың үкіметаралық кеңесінің IX халықаралық автожорығы 2026 жылғы 20–28 шілде аралығында Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасы аумағында өтуде. Автожорық аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, көшпелі семинарлар, автомобиль жолдары мен көлік инфрақұрылымы нысандарына техникалық мониторинг жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың және салалық бизнес өкілдерінің кездесулері ұйымдастырылуда.

Автор: Алия Ерлан

Skip to content
Приемная комиссия