2026 жылдың жазында ALT University командасы Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми гранттар конкурсы шеңберінде ұйымдастырылған ғылыми жобаларды бизнес-инкубациялау және акселерациялау бағдарламасын табысты аяқтады. Оқу нәтижелері бойынша Алматы қаласының коммерциялық көлік ағындарын басқарудың біртұтас цифрлық экожүйесі ретіндегі SmartEcoLog жобасы дайындықтың жоғары деңгейін және әрі қарай дамуға дайындығын дәлелдеп, бизнес-инкубациялау бағдарламасынан өткені туралы сертификатқа ие болды.
Ғылыми гранттар конкурсын Алматы қаласының әкімдігі қолданбалы ғылыми әзірлемелерді қолдау және оларды мегаполистің қалалық инфрақұрылымын дамытуға, цифрландыруға әрі тұрақты дамытуға енгізу мақсатында өткізеді. 2026 жылы конкурсқа 229 ғылыми жоба келіп түсті, оның 191-і алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге өтті. Іріктеуден өткен жобалардың қатарына ALT University-дің SmartEcoLog жобасы да кірді.
Конкурстың екінші кезеңі аясында қатысушылар ғылыми әзірлемелерді жетілдіруге, бизнес-модельді қалыптастыруға, жобалардың технологиялық дайындық деңгейін (TRL) арттыруға, олардың коммерциялық әлеуетін бағалауға және конкурстық комиссия алдындағы финалдық қорғауға дайындалуға бағытталған бес апталық бизнес-инкубациялау бағдарламасынан өтті.
SmartEcoLog жобасы туралы
SmartEcoLog — Алматы қаласының коммерциялық көлік ағындарын зияткерлік басқару үшін ALT University ғалымдары әзірлеп жатқан инновациялық цифрлық платформа. Жоба коммерциялық көліктің экологиялық және экономикалық тиімді бағыттарын салу үшін жасанды интеллект технологияларын (AI/ML), геоақпараттық жүйелерді (GIS), Big Data мен бұлттық SaaS-шешімдерді біріктіреді.
Платформа қала рельефінің ерекшеліктерін, жол трафигін, экологиялық аймақтарды, отын шығынын, CO₂ мен NOx шығарындыларының деңгейін, сондай-ақ шу жүктемесін ескере отырып, «жасыл» бағыттарды қалыптастыруға және көліктің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Жобаның күтілетін тиімділігі — отын шығыны мен шығарындыларды 15–20%-ға дейін қысқарту, қалалық логистиканың тиімділігін арттыру және Алматыда Smart City тұжырымдамасын дамыту.
Жобаны әзірлеушілер командасы
-
Жоба жетекшісі — техника ғылымдарының докторы, профессор Қарсыбаев Ержан Ертайұлы.
-
Зерттеу командасының құрамы:
-
Мусалиева Роза Джалиловна — аға ғылыми қызметкер (GIS және рельефті модельдеу);
-
Кенжебаева Гаухар Жумашевна — ғылыми қызметкер (алгоритмдер мен SaaS-платформа архитектурасы);
-
Багаева Назыкен Узаковна — жоба экономисі (экономикалық тиімділік және тарифтік модель);
-
Алик Асель — full-stack әзірлеуші (серверлік бөлік және платформаны визуализациялау);
-
Зұпар Абдрахман Мұратұлы — Big Data, Python, SQL және машиналық оқыту жөніндегі маман;
-
Қожабаева Роза Абдықаппарқызы — докторант, пилоттық зерттеулер мен ғылыми жарияланымдар бағыты.
-
SmartEcoLog жобасының Алматы әкімдігінің ғылыми гранттар конкурсына қатысуы ALT University-дің цифрлық логистика, зияткерлік көлік жүйелері және қалалық ортаны тұрақты дамыту саласындағы ғылыми әзірлемелерінің жоғары әлеуетін растайды.
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)
Жоба ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым», ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» және ТДМ 13 «Флора мен фаунаны, климатты сақтау / Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мақсаттарына сәйкес келеді.
Автор: Алик Асель


