2026 жылғы 9–17 шілде аралығында ALT University геодезиялық жасағының студенттері Ақтау қаласында өндірістік практикадан өтіп, теміржол инфрақұрылымы нысандарында инженерлік-геодезиялық (іздестіру) жұмыстарын жүргізді.
Практика аясында студенттер Маңғышлақ станциясында, сондай-ақ Ақтау қаласының аумағында орналасқан «Ақтау-Порт», «Строительный», «Химический», «Юбилейный» және «Маневровый» станцияларында геодезиялық түсірілім жұмыстарын орындады.
Далалық жұмыстар барысында студенттер университетте алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, заманауи геодезиялық жабдықтармен жұмыс істеуді меңгеруге және теміржол инфрақұрылымы нысандарында инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Нақты өндірістік жағдайда ұйымдастырылған практикалық даярлық болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және университет пен көлік саласындағы кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Автор: Сулеева Н. З.


