Select Page

Мамандардың кәсіби даярлығын дамыту аясында ҚР ІІМ Алматы академиясы курсанттарын «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту басталды. Бұл курс осымен екінші жыл қатарынан тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

Аталған білім беру бағдарламасы екі ведомство — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ екі жетекші жоғары оқу орны — ІІМ Алматы академиясы мен ALT University арасындағы тығыз әрі нәтижелі серіктестіктің жемісі болып табылады.

Курс аясында тыңдаушылар жол қауіпсіздігі саласындағы келесі негізгі бағыттарды меңгереді:

  • Жол қозғалысын ұйымдастыру;

  • Автомобиль жолдарын күтіп ұстау және пайдалану (эксплуатациялау);

  • Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері;

  • Көлік қауіпсіздігін басқарудың практикалық қырлары.

Бағдарламаның жалпы ұзақтығы — 240 сағат.

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін курсанттарға арнайы сертификаттар табыс етіледі. ALT University мен ІІМ Алматы академиясының бұл бірлескен білім беру бастамасы жол қауіпсіздігі саласының заманауи талаптарына сай келетін жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосуда.

Автор: Избасарова Л. Ж.

Skip to content
Приемная комиссия