Select Page

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің басшылығы «Асфальтобетон-1» компаниясына барды. Кездесу барысында тараптар жол-құрылыс саласына білікті кадрлар даярлау бағытындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында практикалық бағыттағы білім беруді дамытуға, университет пен өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ студенттердің кәсіби құзыреттерін саланың өзекті қажеттіліктеріне сәйкес қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар ынтымақтастықтың келесі перспективалық бағыттарын айқындады:

  • Студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру. Кәсіпорын базасында студенттердің асфальтбетон қоспаларын өндіру технологиялық процестерімен, материалдардың сапасын бақылау әдістерімен және жол-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу мүмкіндіктерін қарастыру.
  • Дуальды оқыту элементтерін енгізу. Университеттегі теориялық дайындықты өндірістегі практикалық оқытумен ұштастыру, сондай-ақ болашақ инженерлердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға компания мамандарын тарту мәселелерін талқылау.
  • Бірлескен зертхана құру. Алдағы уақытта практикалық сабақтар өткізуге, жол-құрылыс материалдарының қасиеттерін зерттеуге, сондай-ақ студенттерді асфальтбетон қоспаларын өндіру мен олардың сапасын бақылаудың заманауи технологияларымен таныстыруға арналған зертхана құру мүмкіндігін қарастыру.
  • Бірлескен индустриялық білім беру бағдарламасын әзірлеу. Компания өкілдерінің қатысуымен өндірістік талаптар мен жол-құрылыс саласының өзекті міндеттерін ескере отырып, білікті мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасын әзірлеу перспективаларын қарастыру.

Меморандумға қол қою білім беру мен өндірісті интеграциялауға бағытталған ұзақ мерзімді әріптестікті қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Жоспарланған бастамаларды іске асыру студенттердің практикалық даярлығын жетілдіруге, жұмыс берушілердің білім беру процесіне қатысуын кеңейтуге және сала үшін сұранысқа ие мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

ALT University кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамыта отырып, студенттердің практикалық тәжірибе жинақтауына, заманауи өндірістік технологияларды меңгеруіне және кәсіби тұрғыдан табысты қалыптасуына жағдай жасауды жалғастырады.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия