Select Page

Ташкентке сапарының екінші күнінде Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University делегациясы Өзбекстанның өндірістік инфрақұрылымды, инженерлік зертханаларды және стартаптарды дамыту мүмкіндіктерін біріктіретін негізгі технологиялық алаңдарының бірі — INNO Texnopark ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік цифрлық технологиялар, робототехника, инженерлік білім беру және технологиялық кәсіпкерлік саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа перспективалар ашады.

Келісім әртүрлі елдердің ғылым, білім, бизнес және технологиялық компания өкілдерінің басын қосатын INNOWEEK–2026 халықаралық инновациялық идеялар апталығы шеңберінде жасалды. Биылғы жылы бұл іс-шара инновациялық әзірлемелерді таныстыру, ғылыми-технологиялық бастамаларды талқылау және халықаралық серіктестік орнату алаңына айналды.

Меморандум инновациялар, цифрлық технологиялар, білім беру және ғылыми-практикалық қызмет саласындағы өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған. Тараптар бірнеше негізгі бағытты дамытуға ниетті:

  • Инновациялар мен стартаптар — технологиялық жобаларды дамытуда, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мен әзірлемелерді коммерцияландыруда тәжірибе алмасу.

  • Инженерлік және IT-білім беру — оқыту бағдарламаларын, семинарларды, шеберлік сабақтары мен гостевой лекцияларды ұйымдастыру.

  • Практикалық дайындық — студенттер, оқытушылар, мамандар мен технопарк резиденттері арасында тағылымдамалар өту және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін дамыту.

  • Бірлескен іс-шаралар — хакатондар, конференциялар, конкурстар мен басқа да ғылыми-практикалық бастамаларды өткізу.

  • Білім алмасу — академикалық орта мен өндірістік секторды біріктіретін білім беру модульдері мен жобалары бойынша бірлескен жұмыс.

ALT University үшін мұндай серіктестікті дамыту үлкен практикамдық маңызға ие. Университет көлік саласы, логистика, инженерия, ақпараттық технологиялар және басқа да техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлайды. INNO технологиялық инфрақұрылымымен ынтымақтастық робототехника, прототиптеу және технологиялық кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасуға берік негіз қалайды.

Білім беру процесін нақты өндірістік міндеттерге жақындату мүмкіндігі ерекше құндылыққа ие. Бұл бағыт студенттердің тек теорияны меңгеріп қана қоймай, жобаларды әзірлеуге, техникалық шешімдерді жасауға және өзінің білімін практикада қолдану жолдарын іздеуге қатысатын инженерлік білім берудің заманауи тәсіліне толық сәйкес келеді.

Меморандумға қол қою ALT University делегациясының Ташкенттегі халықаралық жұмысының маңызды кезеңі болды. INNO Texnopark-пен серіктестік Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кәсіби алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді және білім, ғылым, технологиялар мен өндіріс тоғысындағы бірлескен бастамаларға негіз қалайды.

Автор: Алия Ерлан

Skip to content
Приемная комиссия