4 маусымда Астана қаласында ALT University басшылығы мен «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры Мадияр Сәттыбаевтың кездесуі өтті. Университет тарапынан шараға ALT University Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Жармағамбетова және Корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Андрей Иванов қатысты.
Integra Construction KZ көлік инфрақұрылымы, жол құрылысы, инженерлік желілер, сондай-ақ өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мамандандырылған. Жұмыс істеген жылдар ішінде компания теміржол саласындағы кәсіпорыннан Қазақстанның құрылыс нарығындағы танымал әрі ірі қатысушылардың біріне айналды.
Кездесу барысында тараптар инфрақұрылым салалары үшін мамандар даярлау, практикаға бағытталған оқытуды дамыту, сондай-ақ жұмыс берушілердің білім беру процесіне қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына, өндірістік практиканы кеңейтуге және саланың ағымдағы қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлауға ерекше назар аударылды.
Жетекші компаниялармен серіктестік орнату — ALT University білім беру моделінің маңызды элементі. Бұл оқу процесін нақты өндіріске барынша жақындатуға және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Автор: Алия Ерлан


