ALT University мен Өзбекстан Республикасының Қарши мемлекеттік техникалық университеті білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісті. Меморандумға ALT University Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Жармағамбетова мен Қарши мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Шерзод Нематов қол қойды.
Құжатқа қол қою 2026 жылғы 28 қазанда Ташкентте өткен Орталық Азияның халықаралық білім беру форумы шеңберінде өтті. Меморандум екі университет арасындағы академикалық байланыстарды нығайтуға және бірлескен білім беру мен ғылыми бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында — студенттер мен оқытушылардың академикалық ұтқырлығы, шетелде оқыту бағдарламалары, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми зерттеулер жүргізу бар. Тараптар сонымен бірге оқытушылар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасуды дамытуға, ғылыми және оқу әдебиеттерімен бөлісуге, сондай-ақ конференцияларды, семинарлар мен симпозиумдарды бірлесіп ұйымдастыруға ниетті.
Екі университет үшін де өзара қызығушылық тудыратын зерттеу жобалары мен академикалық бағдарламалар шеңберіндегі өзара әрекеттестікке ерекше көңіл бөлінді. Мұндай ынтымақтастық ғылыми-педагогикалық ұжымдар арасындағы кәсіби байланыстарды кеңейтуге және білім мен тәжірибе алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.
Келісімге қол қою ALT University-дің халықаралық серіктестікті дамытудағы және Орталық Азия университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтудегі кезекті қадамы болды.
ALT University үшін халықаралық академикалық байланыстарды нығайту — бұл жаңа білім беру және зерттеу жобаларын құру, студенттер мен оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және өңірдің бірыңғай ғылыми-білім беру кеңістігін дамытуға үлес қосу мүмкіндігі.
Автор: Алия Ерлан


