2026 жылғы 15–16 қазанда Шэньчжэнь қаласында (Қытай) Қытай мен Орталық Азияның бес елінің көлік инфрақұрылымының инженерлік-техникалық стандарттары бойынша Халықаралық форум өтті. Ауқымды іс-шараға ALT University Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ғ.Қ. Сергазин қатысты.
Форум аясында Чанъань университеті (Chang’an University) ғылыми ынтымақтастықтың, білім алмасудың және университет аралық серіктестікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған қытайлық жоғары оқу орындарының қатысуымен қосымша академикалық семинар ұйымдастырды.
Семинар қатысушыларға өз университеттерінің ғылыми жетістіктерін таныстыруға, халықаралық серіктестермен тәжірибе алмасуға және бұдан былайғы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Талқылау барысында академикалық байланыстарды нығайтуға, бірлескен ғылыми бастамаларды кеңейтуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
ALT University проректорының форумға және академикалық семинарға қатысуы университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға, қытайлық білім беру және ғылыми ұйымдармен серіктестік байланыстарды нығайтуға және бірлескен зерттеу қызметінің перспективаларын кеңейтуге ықпал етеді.
Автор: Рысбек А. Ш.


