Select Page

ALT UNIVERSITY-дің «IT-Энергетика» білім беру бағдарламасының студенттері Алматы қаласындағы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын РЭС-2-де өткен Ашық есік күніне қатысты.

Сапар барысында білім алушылар энергетикалық кәсіпорынның жұмысымен тікелей танысып, мамандардың қызметін бақылауға және қаланы сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын заманауи технологияларды көруге мүмкіндік алды.

Студенттердің ерекше қызығушылығын РЭС-2 диспетчерлік қызметіне бару тудырды. Олар электр желілерінің жай-күйін жедел бақылауды жүзеге асыратын, персоналдың жұмысын үйлестіретін және туындайтын жағдайларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз ететін диспетчерлердің нақты жұмыс барысын көрді. Болашақ энергетиктер үшін бұл диспетчерлік қызмет жұмысының жауапкершілігі мен ерекшелігін тереңірек түсінуге мүмкіндік берген құнды практикалық тәжірибе болды.

Сонымен қатар студенттерге электр энергиясын есепке алуға арналған заманауи сұйық кристалды есептегіштер таныстырылды. Мамандар олардың функционалдық мүмкіндіктері туралы айтып, қазіргі заманғы есепке алу құралдарының алдыңғы буын есептегіштерінен айырмашылықтарын көрнекі түрде көрсетті. Электр энергиясын есепке алу және тұтынуды басқару жүйесін жетілдірудегі цифрлық технологиялардың дамуы мен рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесудің жеке бір бөлігі РЭС-2 мамандарының жұмыс жағдайлары мен еңбек үдерістерін ұйымдастырумен танысуға арналды. Студенттер нақты өндірістік үдерістерді көріп, энергетика саласындағы кәсіби қызметке қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Сапар барысында оқытушылар үшін ерекше жылы әрі жағымды сәт — өздерінің бұрынғы студенттерімен, қазіргі таңда РЭС-2-де маман болып еңбек етіп жүрген ALT UNIVERSITY түлектерімен кездесу болды. Оқытушылардың өз түлектерін таңдаған мамандығы бойынша кәсіби қызмет атқарып жүрген мамандар ретінде көруі үлкен қуаныш сыйлады. Мұндай кездесулер университет пен өндіріс саласы арасындағы сабақтастықтың маңызды көрсеткіші болып табылады және түлектердің кәсіби тұрғыдан өсуін көруге мүмкіндік береді.

РЭС-2-ге бару студенттерге университетте алған теориялық білімдерін нақты өндірістік міндеттермен байланыстыруға, сондай-ақ энергетика саласының қазіргі даму үрдістерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара ALT UNIVERSITY мен «АЖК» АҚ арасындағы практикалық бағыттағы өзара ынтымақтастықтың бір бөлігі болып, заманауи, сенімді және технологиялық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ өндірістік үдерістерге инновацияларды енгізуге бағытталған ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатын іске асыруға үлес қосты.

ALT UNIVERSITY РЭС-2 «АЖК» АҚ ұжымына қонақжайлылығы, мазмұнды бағдарламасы және студенттерге энергетикалық кәсіпорынның нақты жұмысымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.

Автор: Утепбергенова С. М.

Skip to content
Приемная комиссия