Select Page

2026 жылғы 11 қыркүйекте ALT University-дің «Экономика және менеджмент» (ЭжМ), «Қаржы» (Қ) және «Менеджмент және бизнес-әкімшілендіру» (МжБӘ) білім беру бағдарламаларының 1, 2 және 4 курс студенттері университетіміздің сениор-лекторы К. Ж. Демеуованың жетекшілігімен Алматы қаласында өткен Central Asia Fintech Summit 2026 халықаралық форумына белсенді қатысты.

Fintech Network Kazakhstan ұйымдастырған іс-шара қаржы секторының, мемлекеттік органдардың, бизнес, сарапшылық және академиялық қоғамдастық өкілдерінің басын қосты.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі «Келесі онжылдықтағы қаржы нарығы қандай болады?» атты пікірталас болды. Қатысушылар қаржылық технологиялардың, банк секторы мен цифрлық бизнестің даму перспективаларын, сондай-ақ алдағы жылдары Орталық Азияның қаржы нарығына ықпал ететін өзгерістерді талқылады.

Форум аясында студенттер қаржы саласының жетекші мамандарының, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар мен индустрия өкілдерінің баяндамаларын тыңдады.

Финтех, цифрлық төлемдер, инновациялық қаржылық шешімдер және цифрлық қаржы экожүйесін дамыту саласындағы заманауи үрдістерге ерекше назар аударылды.

Central Asia Fintech Summit форумына қатысу ALT University студенттеріне оқу барысында алған теориялық білімдерін нақты нарықтық кейстермен ұштастыруға, саланың өзекті үрдістерімен танысуға және болашақ кәсіби дамуы үшін жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді.

Осындай іс-шараларға қатысу білім алушылардың кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға және заманауи цифрлық экономикада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары:

ТДМ 4 — Сапалы білім
ТДМ 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу
ТДМ 9 — Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым
ТДМ 17 — Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік

Автор: Алик Асель

Skip to content
Приемная комиссия