Іс-шара инновацияларды, ғылыми-технологиялық құзыреттерді және заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ете отырып, Тұрақты даму мақсатының 9-бағытына — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылымға» сәйкес келеді.
2026 жылғы 23–25 қыркүйек аралығында Астана қаласында HackAlem AI Hackathon халықаралық хакатоны өтті. Іс-шараға іріктеу кезеңінен сәтті өткен ALT University Компьютерлік ғылымдар департаментінің студенттері қатысты.
ALT University атынан келесі командалар мен қатысушылар өнер көрсетті:
NextGen командасы
- Орақов Нұрталап Баймұратұлы, ПИ-24-3р тобының студенті
- Қимран Имран Валиханұлы, ПИ-24-3р тобының студенті
- Леонтьев Егор Андреевич, ПИ-24-3р тобының студенті
A.B.D. командасы
- Инамов Бекмурод Искандарович, ИС-25-12р тобының студенті
- Гомартели Давид Гивиевич, ИС-25-11р тобының студенті
- Жұман Асқар Сұлтанбайұлы, ИС-25-12р тобының студенті
no nable командасы
- Асанбаев Диас, УС-ПИ-25-2р тобының студенті
- Чериязданов Асхат Советқанұлы, ИС-23-1 тобының студенті
- Бидахметова Әсем Тимурқызы, ПИ-25-7Eng тобының студенті
Халықаралық хакатонға ALT University Компьютерлік ғылымдар департаментінің екінші оқу жылындағы магистранты Кобетай Бексултан Ермуханулы да қатысты.
HackAlem AI Hackathon жасанды интеллектті өзекті практикалық міндеттерді шешуде қолдануға қызығушылық танытатын студенттерді, жас зерттеушілер мен әзірлеушілерді біріктірді. Қатысушылар технологиялық жобалар әзірлеп, тәжірибе алмасты және өз шешімдерін сарапшыларға ұсынды.
Халықаралық хакатонға қатысу білім алушыларға алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге және жасанды интеллекттің заманауи технологияларын пайдаланып шешімдер әзірлеу тәжірибесін арттыруға мүмкіндік берді.
Автор: Өмірбекова З. М.


