Select Page

Тұрақты даму мақсатының №15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағытын іске асыру аясында ALT University студенттері табиғи аумақтарды қорғау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаға қатысты.

Биыл ALT University өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы айтулы жыл аясында университет студенттері Almaty Superski жобасы аясында Көкжайлауда ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясына белсенді қатысты.

Экологиялық бастама барысында студенттер табиғи аумақты көгалдандыруға атсалысып, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға өз үлестерін қосты.

Ағаш отырғызу акциясы жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғатты аялау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және жасыл кеңістікті сақтау құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Бүгін отырғызылған әрбір көшет — табиғатқа жасалған қамқорлық қана емес, келешек ұрпақ үшін таза, жасыл әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

95 жыл — тарих, болашаққа бастар жол!

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия