Тұрақты даму мақсатының №16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» бағытын іске асыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Қаладағы заң» қалалық квесті өтті.
Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Квестке ALT University атынан «ALTernative» командасы қатысып, әр кезеңде өздерінің шапшаңдығын, тапқырлығын, логикалық ойлау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Қатысушылар берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап, құқықтық білімдерін тәжірибелік форматта сынап, жаңа білім мен тәжірибе жинақтады.
«Қаладағы заң» квесті жастардың құқықтық білімін жетілдіріп қана қоймай, заң талаптарын құрметтеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу және қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде ұстанудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.
ALT University — заң мен тәртіпті құрметтейтін, жауапты әрі белсенді жастарды қалыптастыру жолында!
Автор: Қадырбек Айзада


