БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
25 қазан – Республика күніне орай ALT University студенттері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны тазарту және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.
Мұндай бастамалар студенттердің азаматтық белсенділігін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға және экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.
Таза Қазақстан – ортақ міндет! Республика күніне орай өткізілген игі бастама елге деген құрмет пен туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі болды.
Автор: Қадырбек Айзада


