2026 жылғы 23 қыркүйекте Бакуде UI GreenMetric Sustainable University Rankings 2026 Results and Awards Ceremony халықаралық марапаттау рәсімі аясында орнықты даму саласындағы университеттердің жаһандық рейтингінің нәтижелері жарияланды.
Рейтинг қорытындысы бойынша Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті төмендегідей орындарға ие болды:
-
Әлем бойынша 983-орын;
-
Азия университеттері арасында 585-орын;
-
Қазақстан университеттері арасында 14-орын.
2026 жылы рейтингке әлемнің 110 елінен 2 016 университет, соның ішінде Қазақстанның 41 жоғары оқу орны қатысты. Осылайша, ALT University отандық 27 жоғары оқу орнын басып озып, әлемдік рейтингтің жоғарғы бөлігіне және қазақстандық университеттердің үздік 35%-ының қатарына кірді.
UI GreenMetric университеттердің қызметін жеті негізгі бағыт бойынша бағалайды: инфрақұрылым және кампус аумағы, энергетика және климаттың өзгеруі, қалдықтарды басқару, су ресурстары, экологиялық көлік, білім және ғылыми зерттеулер, сондай-ақ басқару және цифрландыру.
ALT University ең жоғары нәтижелерді келесі бағыттар бойынша көрсетті:
-
Білім және ғылыми зерттеулер — 1 300 ұпайдан 1 000 ұпай;
-
Экологиялық көлік — 1 700 ұпайдан 1 100 ұпай;
-
Басқару және цифрландыру — 1 100 ұпайдан 722,5 ұпай.
UI GreenMetric рейтингіне қатысу университетке орнықты даму саласында іске асырылатын бастамалардың тиімділігін бағалауға, өз көрсеткіштерін әлемнің жетекші университеттерінің нәтижелерімен салыстыруға және одан әрі дамудың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Алынған нәтиже ALT University-дің білім беру, ғылыми және басқарушылық қызметке орнықты даму қағидаттарын енгізу бойынша жүйелі жұмысын растайды, сондай-ақ халықаралық рейтингтерде университет позициясын одан әрі нығайтуға негіз қалайды.
ALT University ұжымын лайықты нәтижесімен құттықтаймыз! Жеткен позициялар профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлер мен білім алушылардың бірлескен әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі болды. Орнықты дамуға, экологиялық мәдениетке және университетіміздің халықаралық танымалдылығын арттыруға үлес қосатын барша жанға алғыс айтамыз. Одан әрі табыс, жаңа бастамалар және халықаралық рейтингтерде бұдан да жоғары белестер тілейміз!


