Select Page

«М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ базасында «Orbis Auto» ЖШС компаниясының басшылығымен кездесу өтіп, оның қорытындысы бойынша стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың көлік және инженерия саласында кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екенін бекітті.

Orbis Auto – Қазақстандағы жетекші автомобиль компанияларының бірі. Компания жеңіл және коммерциялық автокөліктерді сату, сервистік қызмет көрсету және техникалық қолдау көрсету бағытында жұмыс істейді. Orbis Auto кең дилерлік және сервистік желісімен танымал, заманауи технологияларды белсенді енгізеді және салалық құзыреттердің дамуына ерекше көңіл бөледі.

Кездесу барысында компания мамандарының университеттің білім беру және ғылыми жобаларына қатысу мүмкіндіктері, университет базасында лаборатория ашу мәселесі, көлік, инженерлік және техникалық білім беру бағдарламаларының студенттеріне өндірістік практика ұйымдастыру, мастер-класстар мен қонақ дәрістер өткізу, сервистік орталықтарға экскурсиялар ұйымдастыру талқыланды.

Тараптар автокөлік саласындағы заманауи технологияларды оқу процесіне енгізу мәселесіне ерекше назар аударып, бұл студенттердің практикалық дағдыларын күшейтіп, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетіні атап өтілді.

Меморандумға қол қою университет пен автомобиль индустриясының ірі өкілі арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Skip to content
Приемная комиссия