2021 жылдың 15 желтоқсанда 6В07121-Электрэнергетикасы білім беру бағдарламасының 3 жылы күндізгі – жеделдетілген оқу формасы бойынша білім алушылардың өндірістік (дипломалдындағы) практикасының қорытындыларын талқылау бойынша конференция өтті. Конференциядан соң «Балалық шақтан болашаққа» атты ашық кураторлық сағат өткізілді .
Іс-шараға «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» институтының директоры ТойгожиноваА.Ж., директордың орынбасарлары Нурланбек А.Д., Актайлакова Д.А., «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі КалиеваК.Ж. және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Топ кураторы «Энергетика» кафедрасының ассистент профессоры Егзекова А.Т. бұл тақырып білім алушылардың қазіргі уақытта студенттік кезеңінен ересек өмірге аяқ басуна байланысты таңдалғанын баяндады. Кураторлық сағат барысында түлектер қандай құзыреттер мен дағдыларға ие болуы керек екендігі қарастырылды.
Кураторлық сағат екіге бөлінді: ресми және ойын-сауық. Бірінші бөлімде куратор әлеуметтік желілердің маркетинг тақырыбын, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінде сторителлинг арқылы бизнесті алға жылжыту және өзін-өзі дамыту жолдарын атап өтті. Сауатты сторителлингті құру бойынша негізгі ережелермен нақты мысалдар келтірілді. Материалды бекіту үшін студенттерге тәжірибелік тапсырма берілді.
Кітап оқу мәдениетін құндылық көзі ретінде дамыту мақсатында топта бірлесіп оқу дәстүрі қабылданды, оны оқығаннан кейін кураторлық сағатта кітаптың мазмұны талқыланады. Бодо Шефердің «Мани немесе ақша әліппесі» бестселлерін талқылауы өте қызықты өтті.
Кураторлық сағаттың екінші бөлімі студенттермен бірге ұйымдастырылды. Оқытушылармен студенттердің қатысуымен сайыстар мен ойындар жүргізіліп, сауалнама нәтижелері бойынша «Энергетика» кафедрасының оқытушыларына әр түрлі аталымдарға сәйкес мадақтау қағаздары табыс етілді.
Кафедраның оқытушылары студенттерді диплом алдындағы практиканың аяқталуымен құттықтап, диплом жұмысын жазуда және қорғауда сәттілік тіледі.