Наурыз айында 6В07188–IT электроэнергетика білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері арасында кафедраның аға оқытушысы Карасаева Асель Рахметуллақызы және ассистент оқытушы Уалиева Жансұлу Талғатқызы БҰҰ-ның ең өзекті әлемдік проблемаларды шешуге бағытталған тұрақты даму күн тәртібін қолдау мақсатында , «Атом электр стансасының еліміз үшін маңызы» тақырыбында пікірсайыстар ұйымдастырылды.
Дебатқа қатысушылар «Атом энергиясы адамзатқа шын мәнінде не береді?» деген сұрақтарға жауап беріп, талқылады. «Атом электр станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде біз қаншалықты дәрежеге жеттік?» «Радиоактивті қалдықтар. Мәселені шешу жолдары», «Баламалы және жаңартылатын энергия көздері атом электр станцияларын нарықтан ығыстырып шығара ала ма?». «Жақын болашақта атом энергетикасын дамыту перспективалары».
Студенттер атомдық жекпе-жекке тыңғылықты дайындалды. Олардың міндеті ядролық энергетиканы дамыту перспективаларына қатысты өз ұстанымдарын қорғау, ТДМ бағдарламасы аясында экономика, экология және ядролық нысандардың қауіпсіздігі саласындағы білімдерін көрсету болды. «Жақтаймын» позициясын қорғаған топ мүшелері қатысушылардың командалық рухы туралы: «Біз атом энергетикасын жетекші салалардың бірі деп санаймыз, өйткені онсыз өркениеттің одан әрі дамуы мүмкін емес», – деп түсіндірді.
«Даттаймын» позициясын қорғаған топ мүшелері: «Біз атом энергетикасының пайда болғаннан бүгінгі күнге дейінгі тарихын зерттеуге негізделген өз көзқарасымызды дәлелдеуге дайынбыз» деген сенімді көзқарас танытты.
Әрбір қатысушы атом энергиясын пайдалану және дамыту бойынша әртүрлі көзқарастарды түсініп, талдай алды. Бұл кездесулер арқылы оқушылар тақырыпты тереңірек меңгеруге, білімдерін жетілдіруге, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.
Кафедра бойынша дебат клубы өзінің жұмысын 2 жыл ағымында жалғастыруда.