Select Page

2026 жылғы 28 мамыр күні №4 Студенттер үйінде (ДС №4) IT бағытындағы 1-курс студенттері арасында «IT Крокодил» интерактивті интеллектуалды-ойын кеші өтті. Іс-шара студенттердің өзара нетворкингін нығайту және бейресми ортада бейімделуін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ойынның негізгі мақсаты – студенттердің логикалық ойлау, топта жұмыс істеу, жылдам шешім қабылдау және кәсіби терминдерді ым-ишара арқылы түсіндіру дағдыларын дамыту болды. Бұл формат бірінші курс студенттеріне техникалық ұғымдарды жеңіл әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік берді.

Ойын барысында тапсырмалар үш күрделілік деңгейіне бөлінді: жалпы интеллектуалдық терминдер, бағдарламалау мен киберқауіпсіздікке қатысты кәсіби IT сөздер және студенттік өмір мен жатақхана тұрмысына арналған қызықты кейстер.

Іс-шара толығымен практикалық және бейімделу бағытында өтіп, студенттердің өзара достық қарым-қатынасын нығайтуға, цифрлық және әлеуметтік ортада еркін әрекет етуіне ықпал етті.

Сайыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, шектеулі уақыт ішінде (60 секунд) күрделі алгоритмдер мен IT-концепцияларды шығармашылық тұрғыдан көрсетті. Олар жүйелік талдау, креативті ойлау және топ мүшелерімен сөзсіз түсінісу қабілеттерін паш етті.

Әрбір топ өзінің бірегей тактикасымен және ұйымшылдығымен ерекшеленіп, болашақ IT мамандарының тұлғалық және кәсіби әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеді.

Автор: Өмірбекова З.М.

Skip to content
Приемная комиссия