Select Page

Алматыдағы «Атакент» орталығында энергетика мен атом өнеркәсібінің ең ірі халықаралық Powerexpo Almaty 2026 және Kazatomexpo 2026 көрмелері өтті. Бұл айтулы шараға университеттің ИПС(Т)-23-2 тобының студенттері “сыртқы сабақ” щеңберінде қатысып, болашақ мамандықтарына қатысты өте құнды әрі ауқымды ақпараттар алды. Жетекшісі: Аширбаев Г.К., қауымдастырылған профессор.

Инновациялық технологиялар: Әлемнің 10-нан астам елінен келген 240-тан астам жетекші компаниялардың өнімдерімен, заманауи электр жабдықтарымен, энергетикалық машинажасау және цифрлық шешімдерімен танысты.

Атом энергетикасының болашағы: Kazatomexpo алаңында еліміз үшін өзекті атом өнеркәсібі, ядролық технологиялар және қауіпсіз энергия көздері туралы сарапшылардан тікелей мағлұмат алды.

Нетворкинг: Отандық және халықаралық инжинирингтік компаниялардың өкілдерімен тілдесіп, болашақ өндірістік практика мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылады.Теория мен практиканы ұштастырған мұндай шаралар жас мамандардың кәсіби тұрғыда өсуіне таптырмас мүмкіндік береді. Болашақ энергия тиімділігі мен жасыл технологиялардың қолында, ал біздің студенттер — сол болашақты құрушылар!

Студенттердің бұл көрмеге қатысуы БҰҰ бекіткен Тұрақты дамудың бірнеше жаһандық мақсаттарына тікелей сәйкес келеді:ЦУР 4: Сапалы білім.  Студенттердің аудиториядан тыс, халықаралық сарапшылардан өндірістік білім алуы, заманауи технологиялық трендтерді өз көзімен көруі тәжірибелік білім сапасын арттырады.ЦУР 7: Арзан әрі таза энергия Powerexpo және Kazatomexpo көрмелерінің негізгі мақсаты — энергия тиімділігін арттыру, дәстүрлі және төмен көміртекті (атомдық, жаңартылатын) таза энергия көздерін дамыту. Жастардың осы бағытта ақпарат алуы маңызды. ЦУР 9: Индустрияландыру, инновациялар мен инфрақұрылым Көрмеде энергетикалық машина жасау, цифрландыру және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың жаңа шешімдері көрсетілді. Студенттер индустриялық инновациялардың ортасында болды. ЦУР 13: Климаттың өзгеруіне қарсы күш-жігер Атом энергетикасы мен энергия үнемдеуші технологиялар атмосфераға таралатын зиянды қалдықтарды (CO2) азайтуға бағытталған. Болашақ мамандардың экологиялық таза генерация туралы білім жинауы осы мақсатқа үлес қосады.

Автор: Аширбаев Г. К.

Skip to content
Приемная комиссия