Select Page

Жоғары білім мен өндіріс арасындағы серіктестікті дамыту аясында Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетіне Алматы халықаралық әуежайының (TAV Almaty) делегациясы келді. Делегацияны оқыту және дамыту басқармасының басшысы Турунджан Тырпан бастап келді.

Кездесу барысында университет пен әуежай өкілдері мамандар даярлау сапасын арттыруға және білім беру үдерісі мен еңбек нарығының заманауи талаптары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Студенттердің өндірістік практикасы мен тағылымдамаларын ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету, сондай-ақ әуежай мамандарының университеттің білім беру, ғылыми және мансаптық іс-шараларына қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар көлік-логистика саласы, азаматтық авиация және сабақтас бағыттар үшін кадрлар даярлау бойынша бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда көлік индустриясының ең перспективалы және қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылатын ұшқышсыз авиациялық жүйелер (ҰАЖ) саласындағы құзыреттерді дамыту мәселесі де талқыланды.

Кездесу аясында тәжірибеге бағытталған оқытуды кеңейту, студенттерді нақты өндірістік міндеттерді шешуге тарту, Алматы халықаралық әуежайының мамандарының қатысуымен қонақ дәрістер, шеберлік сабақтары және кәсіби тренингтер өткізу тетіктері қарастырылды. Мұндай өзара іс-қимыл студенттерге авиация саласында қолданылатын заманауи технологиялар мен өндірістік үдерістер туралы өзекті білім алуға және болашақ кәсіби қызметке сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

ALT Университеті еліміздің жетекші кәсіпорындарымен серіктестік байланыстарын кеңейтуді жалғастыруда. Бұл студенттерге кәсіби даму, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру және Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды салаларында табысты мансап құру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Автор: Абдикалыкова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия