Select Page

06.03.2024 ж. Логистика және көлік Академиясында «Көліктегі логистика және менеджмент» кафедрасының ассистент – профессоры, ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Маулина Нұргүл Хасанқызының «Ботам менің, бұрымыңды қимашы!». Шығармашылық кеш қазақ қыздарының адамгершілік және ұлттық қасиеттерін дәріптеуге, аналарға, жалпы әйелдерге құрмет көрсетуді насихаттауға бағытталды. Кеш барысында ақын өз өлеңдерін оқырмандармен бөлісті, ал белгілі әнші, композитор Есет Сәдуақасов ақынның өлеңдеріне әндер орындады.

Кеште ақын «Ботам менің, бұрымыңды қимашы!». Кітаптың тұсаукесерін Алт Президенті – ректоры Салтанат Нұраділқызы Әмірғалиева, ақынның анасы және мұғалімі Ақмарал Жанғалиқызы Балова өткізді.

Залда ҚР Суретшілер Одағы суретшілерінің картиналарының көрмесі ұйымдастырылып, өрмек, текемет, ала теру алаша сияқты ұлттық стильдегі қазақ киіз үйінің интерьерлері ұсынылды.

Шығармашылық кешке ҚР Жазушылар одағының мүшелері, ақындар, композиторлар, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері, Академия ұжымы мен студенттері шақырылды.

Приемная комиссия