Select Page

Тұрақты даму мақсатының №17 «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» бағытын іске асыру аясында ALT Университетінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) басшылары мен мамандарының қатысуымен мастер-класс өтті.

Іс-шараға «Электр энергетикасы» және «IT энергетика» білім беру бағдарламаларының студенттері, сондай-ақ ALT Университеті Энергетика департаментінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметімен, оның электр желілері кешеніндегі рөлімен, негізгі қызмет бағыттарымен, сондай-ақ энергетика саласын цифрландырудың заманауи тәсілдерімен таныстыру.

Мастер-класс барысында энергетиканы цифрландыру, цифрлық сауаттылық, киберқауіпсіздік және өндірістік қызметте жасанды интеллект технологияларын қолданудың перспективалары сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шара аясында АЖК мамандары келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқыды:

  • «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның цифрландырылуы
    Дәріскер – Искаков Алдияр, байланыс жүйелері мен электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу жүйелерін пайдалану басқармасы бастығының орынбасары.
  • «Цифрлық сауаттылық және киберқауіпсіздік»
    Дәріскерлер – Арин Магжан, диспетчерлік-технологиялық жүйелерді пайдалану басқармасы бастығының орынбасары және Тулебаев Аскар, өндірістік технологиялық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы.
  • «Жасанды интеллект: мүмкіндіктері, тәуекелдері және қазіргі заманның сын-қатерлері»
    Дәріскер – Жаманов Асхат, АСДУ пайдалану қызметінің бастығы.

Іс-шара студенттер мен оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар пікірталасқа белсенді қатысып, дәріскерлерге сұрақтар қойды. Әсіресе цифрлық технологияларды тәжірибеде қолдану, киберқауіпсіздік мәселелері және энергетика саласында жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктері бойынша пікір алмасу ерекше қызығушылыққа ие болды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылығы мен мамандарына іс-шараға белсенді қатысқаны, мазмұнды әрі қызықты дәрістер өткізгені, студенттер мен оқытушылармен ашық диалог орнатқаны, сондай-ақ практикалық бағыттағы білім беруді дамытуға және университет пен энергетика саласы арасындағы әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Автор: Калимбетов Г. П.

Skip to content
Приемная комиссия