Select Page

2026 жылғы 29 сәуір күні сағат 14:00-де Co-working орталығының конференц-залында «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Токтыманова Г.М. «Цифрлық ортадағы қазақ тілі: заманауи тенденциялар» тақырыбында университетаралық мастер-класс өткізді.

Мастер-класс барысында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі орны мен маңызы талқыланып, тілдің қазіргі даму үрдістері мен заманауи цифрлық платформалардағы қолданысы қарастырылды. Сонымен қатар қатысушыларға практикалық әдістер ұсынылып, цифрлық ортада қазақ тілін тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Іс-шараға университет оқытушылары, студенттер және тіл мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Сапалы білім беру» бағыты аясында ұйымдастырылды.

Skip to content
Приемная комиссия