«Көлік құрылысы» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс кадастр мамандығы студенттерінің қатысуымен ЦУР 4 «Сапалы білім» және ЦУР 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы әрекет» мақсаттарына арналған танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің сапалы білім алуға деген қызығушылығын арттырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру болды. Сонымен қатар, қатысушылардың экологиялық сауаттылығын дамыту және климаттың өзгеруі сияқты жаһандық мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді тұлға тәрбиелеу көзделді.
Шара барысында оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, климаттың өзгеруінің себептері мен салдары туралы мазмұнды ақпараттар ұсынды. Студенттер өз кезегінде экологиялық тақырыптарға байланысты пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, табиғатты қорғау, ресурстарды үнемдеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара аясында студенттер шығармашылық қабілеттерін де көрсете білді. Олар экологиялық тақырыпта түрлі идеялар ұсынып, өз жобаларын таныстырды. Бұл олардың сыни ойлау, зерттеу және талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Қорытындылай келе, аталған іс-шара студенттердің білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық сана-сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Мұндай шаралар жастардың белсенділігін арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерге деген жауапкершілігін күшейтеді.
Автор: Молыш Д., Атымтаева Д.


