2026 жылғы 29 сәуірде «ALT University-дегі ҒЫЛЫМ» айы шеңберінде «ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ КӨЛІК: ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты «Өнеркәсіптік инженерия және инновациялар» тақырыбында ғылыми семинар отырысы өтті. Бас спикер ретінде докторантураның түлегі, техникалық ғылымдардың магистрі Ахатов Семят Тұрғанжанұлы сөз сөйлеп, өз зерттеулерінің нәтижелері туралы айтып берді. Баяндама академиялық қоғамдастықтың терең пікірін тудырды. Климаттық сынақтарға көлікті бейімдеудің инновациялық әдістерін талқылауға университеттің жетекші ғалымдары қатысты. Талқылауға т.ғ.д., профессорлар Солоненко В.Г., Махметова Н.М., Мусаев Ж.С., т.ғ.к., ассист.профессор Әшірбаев Г.К., Бихожаева Г.С., Әшірбаева И.А., Найманова Г.Т., Имангалиева А.Қ. қатысты Бүгінде инженерлердің басты назарында көміртегі іздерін азайту міндеті тұр. Жоғары жылдамдықты магистральдарды дамыту БҰҰ бағдарларына қол жеткізуге тікелей ықпал етеді: ТДМ 13 (Климаттың өзгеруіне қарсы күрес).
СО ₂ шығарындыларын төмендету: Жолаушылар мен жүк ағындарын авиациялық және автомобиль көлігінен рельстік электр көлігіне ауыстыру парниктік газдар көлемін түбегейлі азайтады.
Энергия тиімділігі: Өнеркәсіптік инженериядағы жаңа тәсілдер жылжымалы құрамның аэродинамикасы мен энергия тұтынуын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Орнықты инфрақұрылым: Климаттық тәуекелдерді ескере отырып, жолдарды жобалау экожүйелерге антропогендік жүктемені азайтады.
Автор: Аширбаев Г. К.


