Select Page

М. Тынышбаев атындағы ALT Университеті дуальды оқыту жүйесін белсенді түрде дамытып, студенттерге Қазақстанның жетекші кәсіпорындарында академиялық дайындықты өндірістік тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беріп келеді.

Дуальды оқыту бағдарламасын іске асыру аясында әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша 175 студент өндірістік алаңдарда тікелей оқудан өтуде. Бұл формат болашақ мамандарға теориялық білімді бекітіп қана қоймай, нақты өндіріс жағдайында кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Студенттер дуальды оқытудан келесі ірі кәсіпорындар мен ұйымдар базасында өтуде: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес компаниялары, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Alageum Electric» ЖШС, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Bereke Bank» АҚ, ТОО «Метрожоба» ЖШС, «Qaz Rail Automatic» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «Шынғар Транс» ЖШС, «TransLine International» ЖШС, «Asstra Almaty» ЖШС және т.б.

Оқу үдерісі барысында студенттер университетте де, өндірісте де бейіндік пәндерді меңгереді. Дуальды оқытуда кәсіпорын тарапынан тағайындалған тәжірибелі мамандар – тәлімгерлер маңызды рөл атқарады. Олар студенттерді кәсіби ортаға бейімдеп, практикалық білім береді.

ALT Университетіндегі дуальды оқыту:

  • мамандыққа ерте бейімделу;
  • сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыру;
  • практикалық ойлау қабілетін дамыту;
  • еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Университет пен жұмыс берушілер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында студенттер тек тәжірибеден өтіп қана қоймай, оқу барысында-ақ табысты мансап құру мүмкіндігіне ие болады.

М. Тынышбаев атындағы ALT Университеті серіктестік байланыстарын кеңейтіп, білім беру бағдарламаларын жетілдіруді жалғастырып, жаңа буын жоғары білікті мамандарды даярлауға басымдық беріп отыр.

Skip to content
Приемная комиссия