2026 жылдың 19 мамыр күні «Қоғамға қызмет ету» пәні аясында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Н.А. Махашеваның ұйымдастыруымен университет студенттеріне Алматы қаласындағы EcoHub Almaty экологиялық орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара ТДМ 12 – «Жауапты тұтыну және өндіріс» бағыты бойынша өткізілді. Экскурсияның мақсаты – студенттердің экологиялық санасын қалыптастыру, жауапты тұтыну мәдениетін дамыту және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру болды.
EcoHub Almaty – қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және экологиялық ағарту бағытында жұмыс істейтін заманауи экологиялық алаң. Орталықта қатысушылар қайта өңдеу процестерімен танысып, экологиялық әдеттерді қалыптастыру және ресурстарды тиімді пайдалану бойынша ақпарат алды.
Іс-шара барысында студенттер экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын түсініп, тұрақты даму қағидаларын күнделікті өмірде қолдану бойынша пайдалы тәжірибе жинақтады.
Автор: Өмірбекова З.М.


