БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-бағыты — «Барлық жастағы адамдардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатын арттыруға ықпал ету» (ТДМ 3) шеңберінде Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінде емтихан сессиясы кезеңінде 1-курс студенттеріне арналған салауатты тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жоғары оқу жүктемесі кезеңінде білім алушыларды қолжетімді әрі пайдалы тағаммен қамтамасыз ету, олардың денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін қолдау және стресс деңгейін төмендету болды.
Аталған мәдени-әлеуметтік шараны институт директорларының орынбасарлары А. Мергенбаева, Э.А. Бегімқұлова және А. Төреқұл ұйымдастырды. Жәрмеңке барысында студенттерге пайдалы тағамдар мен сусындар ұсынылып, дұрыс тамақтану қағидаттары туралы құнды ақпараттар берілді. Мұндай бастамалар жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді және университет қауымдастығының білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатына деген жоғары қамқорлығын көрсетеді.
Автор: Бегимкулова Э. А.


