Олимпиада зияткерлік дарынды жастарды іздестіру мен анықтаудың, болашақ элитаның кәсіби ғылыми-зерттеу, өндірістік, әкімшілік және кәсіпкерлік қызметке интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады.
Пән, оның ішінде физика пәні бойынша олимпиада студенттердің оқу жетістіктерін сынау ғана емес, сонымен қатар студенттердің білім, білік, дағды, құзіреттілікті шығармашылықпен қолданудағы стандартты тапсырмалар мен күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешу кезінде танымдық, эвристикалық, интеллектуалдық және ізденімпаздық сайысы болып табылады.
Осы мақсаттарды көздей отырып, АУ-21-1 тобының студенттері физикадан халықаралық онлайн олимпиадаға қатысты (жетекшісі: Алдекеева Д.Т., Энергетика кафедрасының ассистент профессоры).
Әрбір қатысушы жеңімпаз дипломын алды. Олимпиадаға қатысу студенттердің физиканы қабылдауына қолайлы эмоционалдық-психологиялық фонды қалыптастырады және студенттердің оған деген қызығушылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.