Select Page

Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі VII Еуразиялық форум, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен стратегиялық әріптестікті нығайту және Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-дің 95 жылдығын атап өту аясында студенттер алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Арман Сражадинұлы Бубиканов сөз сөйледі.

Қонақ дәрісі «Геодезиялық практика мен дуалды оқытудың артықшылықтары» тақырыбына арналды.

Спикер студенттерге жол қатынасы инженерлерін даярлаудағы геодезиялық практиканың маңызы, ҚТЖ-дағы дуалды оқытудың ерекшеліктері және Магистральдық желі дирекциясындағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы баяндады.

Өндірістік үдерістермен ерте танысудың артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Дуалды оқыту студенттерге алған білімдерін іс жүзінде қолдануға, заманауи технологияларды меңгеруге және еңбек жолын оқу кезінде бастауға мүмкіндік береді.

Ашық диалог барысында студенттер сарапшыға практикадан өту, жұмыс берушінің талаптары және ҚТЖ-ға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды.

Арман Сражадинұлына мазмұнды дәрісі, тәжірибелік ұсыныстары және болашақ мамандарды даярлауға көңіл бөлгені үшін алғыс білдіреміз!

Автор: Абдикаликова Л.Б.

Skip to content
Приемная комиссия