Select Page

М. Тынышпаев атындағы ALT UNIVERSITY-де Германияның Берлин экономика және құқық мектебінің (HWR Berlin) профессоры J. Plotkin-нің қатысуымен халықаралық қонақ дәрісі өтті.

Іс-шараға ALT UNIVERSITY Энергетика департаментінің «Электр энергетикасы» және «IT-Энергетика» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Дәріс тақырыбы — «Torque Ripple in PWM-VSI-fed Drives due to Parasitic Effects in the Inverter Control». Дәріс барысында профессор инвертор арқылы қоректенетін электр жетектеріндегі айналу моментінің пульсациясына және инверторды басқару жүйелеріне паразиттік әсерлердің ықпалына қатысты заманауи ғылыми тәсілдерді таныстырды.

Дәріс белсенді пікірталаспен жалғасты. Студенттер мен оқытушылар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, ұсынылған тақырыптың техникалық ерекшеліктерін, практикалық қолданысын және қазіргі электр энергетикасы саласындағы өзектілігін талқылады. Бұл пікір алмасу қатысушылардың кәсіби білімдерін тереңдетуге және халықаралық академиялық ортада қолданылатын ғылыми тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді.

Қонақ дәрісі халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, білім мен тәжірибе алмасуға және білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты — «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» аясында өткізілді. Бұл мақсат халықаралық серіктестікті дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

ALT UNIVERSITY халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, заманауи ғылыми жетістіктерді білім беру үдерісіне енгізуге және энергетика саласына білікті мамандар даярлауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Автор: Утепбергенова С. М.

Skip to content
Приемная комиссия